Облыс әкімі ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан Күлән Исаққызының көпжылдық еңбегіне тоқталып, ақ тілегін жеткізді.
Бұдан бөлек, ардагер ұстаздың өмірлік жолдасы, қоғам қайраткері Жұмабек Сапаралиевтің де ел ертеңі үшін жасаған игі істерін кейінгі ұрпақ ұмытпайтынын айтты.
Күлән Байділдаева Байзақ ауданының түлегі. 1957 жылы Абай атындағы педагогикалық училищені аяқтады. Ы.Сүлейменов атындағы №37 мектепте ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Ақ жаулықты әже 10 баланы өмірге әкелген. Бүгінде 50-ден аса немере-шөбересіне тәлім-тәрбиесін беріп, қызығын көріп отыр.
Еңбек ардагері аймақ басшысына алғыс айтып, ақ батасын берді.
Бұл күні облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан қазыналы қарттарды мерекелерімен құттықтап, ілтипат білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




