Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының «Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» мәселелері жөнінде Қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесуі өтті
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2024
- 235
Кездесуді облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша қысқаша ақпарат беріп өтті.
Келесі сөз кезегі облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С.Төрегелдиевке берілді. Өз сөзінде, мүгедектігі бар адамдардың барлық үш санаты бойынша (көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған) мәселелерге тоқталып, дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылардың саны – 2478, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатындар – 1194, көру қабілетінен толық айырылғандар – 692, Брайль қарпін меңгерген – 73, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар 592 сайлаушы бар екенін айтты.
Сондай-ақ, пандустар мен тактильді жолдар орналасқан учаскелер саны – 463, сурдоаудармашылар саны – 55, инватакси – 33, оның ішінде Тараз қаласында 13 инватакси қаралғандығын атап өтті.
Референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов кездесу соңында, қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктер төрағаларына арнайы комиссия құрып, референдум учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың үш санаты бойынша қандай жағдайлар жасалғандығы бойынша өз тараптарынан тексеріп көрулерін ұсынды және алдағы референдумды заң талаптарына сәйкес бірлесіп өткізуге шақырды.
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді