Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың төрағаларымен кездесуі өтті
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2024
- 125
Кездесуге облыстық аумақтық референдум комиссиясысының мүшелері, сайлауға байқаушы ретінде аккредиттелген республикалық «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы А.Кадыркулов, «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы Ардагерлері» республикалық ҚБ филиалының төрағасы С. Кыдыралиев, «AMANAT» партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары У. Болатбек және жергілікті «Phoenix» адам құқықтары жөніндегі ҚБ төрайымы Б. Абдуллаева, «Жастар-зерттеу» Жастар ҚБ төрайымы А.Саитбаева қатысты.
Жиынды облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес референдумға аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алатындығын жеткізді.
Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі М.Сембеков «Республикалық референдумы ұйымдастыру мен өткізудегі жариялылық» тақырыбында баяндама жасап, Республикалық референдум туралы Конституциялық заңның талаптарын түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктер өкілдері өз ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бірқатар мәселелер талқыланды. Мәселен, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы А. Кадыркулов жылжымайтын мүлікті сатып алу шарты негізінде сайлау учаскесінде дауыс беруге болатындығы туралы айтты. Аталған мәселе бойынша облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Т. Жамалов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес, нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болатындығын және азамат сайлаушылардың бiр ғана тiзiмiне ене алатындығын түсіндірді.
Сондай-ақ, С.Айдапкелов «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 6-бабына сәйкес Референдум комиссияларының жұмысына араласуға жол берілмейтіндігі жөнінде және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының
20-бабы 8-тармағында «Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы» деп айқындалғанын жеткізді.
Сонымен қатар, елімізде өтіп жатқан сайлауларда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келетін байқаушылар сайлау процесіне қатысу кезінде байқаған кемшіліктер бойынша өз ұсыныстарын беріп отыратындығын және ол ұсыныстар зерделеніп, сайлау процесін жетілдіруде тәжірибеде пайдаланып жатқандығы туралы айтып өтті. Осы орайда, аккредиттелген жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне сайлау процесі кезінде кері байланыс орнату мақсатында, ұсыныстар мен пікірлерін жазбаша нұсқада бере отырып, ақпарат алмасып жұмыс жүргізуді ұсынды.
Кездесу соңында облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер төрағалары тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп, алдағы референдумды заң талаптарына сәйкес бірлесіп өткізуге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді