«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жұмыс нәтижелері сараланды

Жұмыс нәтижелері сараланды
Ашық дереккөз
Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс басында облыстық комиссияның төрағасы Серік Сәлемов Жамбыл облыстық мәслихатының сегізінші шақырылған сессиясының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №17-11 шешіміне сәйкес, комиссия мүшелігіне қабылданған келесі құрамда: Эльмира Қойлыбаева – Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, Мұхит Нысанбаев – Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы, Дамеш Ускумбаева – Жамбыл облысының білім саласының ардагері, Ернар Ибраимов – облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Рауан Садырқұлов – облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы, комиссия мүшелерін таныстырды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2024 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту, облыс прокуратурасы және әкімдігі бірлесіп, 22.05.2024 жылы өткізген алқа отырысының хаттамасының орындалуы және аудандар мен Тараз қаласында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың және мүдделі органдардың жазғы мезгілдегі атқарған жұмыстарын зерделеу қорытындысы туралы, облыстық жалпы білім беретін мекемелерде 2023 жылдың 31 қазан айынан басталған «Бестерек» жобасы аясында жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы,«Облыстық психологиялық орталығы» мекемесінің құрылуы және қызметі туралы есеп, облыстық, ведомствоаралық өзара іс-қимылға бағытталған «Кел, дос болайық!» акциясының презентациясы сияқты мәселелер қаралды.

Отырыстың күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша белсенді талқылау жүріп, комиссияның №7 хаттамасы қабылданды.

Бірінші мәселе бойынша, 20 тамыздан бастап, жергілікті комиссиялар, облыстық білім басқармасына қарасты білім бөлімдерінің қосымша білім беру мекемелерінің қызметтеріне зерделеу жүргізіп, қорытындысын кеңейтілген жергілікті комиссия отырыстарында қарады.

Осындай зерделеу жұмыстары оқу жылында берілетін демалыс уақытында да жүргізіледі. Сондықтан, қазан айында болатын демалысқа қазірден дайындалып, каникул кезінде мекемелерге келетін оқушылардың тізімдері жасақталуы қажет.

Сонымен қатар, ауданда кәмелетке толмағандардың бара алатын демалыс орындарының ақылы, ақысыз тізімін жасап, жалпы үйірме, секциялармен қамтылмай отырған балаларды анықтап, жағдайлары зерделеніп, арнайы бақылау орнатып, қажет жағдайда қосымша білім мекемелелеріне тіркелуін қамтамасыз ету керек.

Облыс әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» мекемесінің жанынан «Кел, дос болайық!» акциясын ұйымдастыру және өткізу кеңесі барлық өтетін іс-шараларға басшылық жасайды.

Облыс мектептерінде, колледждерінде аталған тақырыпта оқушылармен жүргізілген әңгіме, жеке кездесулер, тәрбие сағаттарының модельдерін жасап, ұсыну жұмыстары жүргізіледі.

Қыркүйек айында толық дайындық жұмыстарын аяқтап, 1 қазан айында жалпымектептік, сыныптық шаралар өткізіледі.

Барлық мектептердің оқу бөлмелерінде «stop bullying» QR-кодтар бар парақшалар ілінді.

Акция барысында бес байқау өткізіледі, сол байқауларда жарияланатын контенттердің сауатты болуы, бала құқықтарын қорғаудағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар