Есенғали РАУШАНОВ,
ақын,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Атты күздің күміс таңы,
Қала асығып барады жұмысқа, әні.
Кеше, кеше... не кеше?
Кеше түк те болған жоқ.
Бәрі, бәрі тамаша, дұрыс бәрі...
Өмір деген – сағыныш емес мұңды,
Көрген жоқсың кешкұрым сен ешкімді.
Ол – өзге әйел, жоқ болды жалт етті де,
Ол деген – жай әшейін елес түнгі.
Қарашы өзің, бұлт көкте дамылдайды,
Қалай, қалай мына өзен арындайды.
Кеше сенің жүрегің ауырған жоқ,
Сенің жүрегің ауырмайды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




