Сала мамандары атом электр стансасы энергияның неғұрлым таза көздерінің бірі екеніне кепілдік беруде. Мысалы, қазіргі көмір стансаларының жұмысы кезінде едәуір мөлшерде ластаушы заттар шығарылады. Олар жыл сайын 7 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығара алады. Бұдан басқа, көмір жағу салдарынан 300 мың тоннадан астам күл пайда болады, оның құрамында мышьяк, кадмий, қорғасын және сынап сияқты 400 тоннаға жуық улы металдар болады. Мұның бәрі онкологиялық ауруларға дейін ауыр ауруларды тудырады.
Ал, атом электр стансасы күкірт оксидтерін, азот оксидтерін, күлді немесе көмірқышқыл газын шығармайтын көрінеді. Олар күл шығармайды, бұл оларды ластаушы заттар шығарындылары тұрғысынан таза етеді.
Менің өзім секілді , замандастарымды да станса жұмысынан пайда болатын қалдықтардың жай-күйі алаңдатқан. Ғалымдар мен білікті мамандардың айтуынша, қуаты 1 гигаватт болатын атом электр стансасынан шамамен 50 текшеметр пайдаланылған радиоактивті отын түзіледі екен. Ал бұл, осындай қуаттағы жылына 200-300 мың тоннаны құрайтын көмір стансасының қалдық мөлшерімен салыстырғанда жер мен көктей айырма.
Уранды пайдалану ауқымына да түсінік алдық. 60 жыл ішінде АҚШ-тың бүкіл атом энергетикасы бір үлкен супермаркет көлемінде қалдық отын шығарады. Мұны бірнеше гектар жерді алып жатқан біздің жылу электр орталығының күл үйінділерімен салыстырыңыз. Атом элект р ст анс асында пайдаланылған отын олардың типі мен технологияларына байланысты не сақталуы, не қайта өңделуі мүмкін. Бұл ретте, пайдаланылған ядролық отын қалдық болып саналмайды, өйткені оны энергия көзі ретінде қайта пайдалануға болады дейді ғалымдар. Оны жүзеге асыратын технология елімізде қазірдің өзінде бар және олардың жаңа түрлері де дамып келеді дейді олар.
Мен жаңарған республикамызда бәрі әділ әрі адал болғанын қалаймын. АЭС елімізге берер пайдасының зор екеніне сенгім келеді.
Меруерт ЛЕШТАЕВА,
облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді