«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауданындағы 21 қоқыс полигоны тазартылды
- author «Ақ жол»
- 2 қазан, 2024
- 1.7k
Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық ахуалды жақсарту, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды дұрыс өңдеу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Акцияға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, еріктілер және қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
Аудан бойынша барлығы 21 полигонның аумақтары тазаланды. Бұл шара аудан халқының қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, елді мекендерді таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Абсеитов мұндай акциялардың ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға айтарлықтай үлес қосатынын атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
Айта кетейік, көктемде басталған экологиялық акцияға 773 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Қаратауда қауыз жарған, Мәңгілікке аңыз болған – қызғалдақ
- 28 сәуір, 2026
Ақ пейілмен қолға алынған іс берекелі болады
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




