Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы семинар-тренингтер өткізілді
- author «Ақ жол»
- 24 қыркүйек, 2024
- 1.1k
2024 жылғы 16 қыркүйекте Жуалы ауданында, 17 қыркүйекте Сарысу ауданы, 18 қыркүйекте Талас ауданы, 19 қыркүйекте Мойынқұм ауданы, 20 қыркүйекте Шу ауданында және 23 қыркүйек күні Жамбыл ауданында «Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында облыстық аумақтық референдум комиссиясының оқыту семинары болып өтті.
Аталған оқыту семинары аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің қатысуымен аудандық мәдениет үйлері мен өнер мектептерінде өтті.
Сондай-ақ, семинарға референдум процесіне қатысты мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің
кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған семинарда Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасы түсіндірілді.
Оқу-семинарының жоспарына сәйкес, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов Республикалық референдумды өткiзудiң принциптерiне тоқталып, дәріс оқыды. Сонымен қатар, облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері саяси науқанды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі жұмыстар мен дауыс беру күні жөнінде дәрістер оқыды.
Оқыту барысында учаскелік референдум комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанында орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, семинар-тренингте учаскелік референдум комиссиялары мүшелерімен түрлі кейстік тапсырмалар талқыланып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Семинардың басында учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін анықтау мақсатында және оқытудың қорытындысы бойынша тест алынып, сертификаттар табысталды.
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




