Облыс әкімінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №33-Ө өкімімен С.М.Қойбақов облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының қызметіне тағайындалды
Қойбақов Серік Мамыртайұлы 1956 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1979 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Жамбыл облысы орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасының Луговой орман мелиоративтік бекетінде орманшы болып бастаған. 1984-1986 жылдары облыстық орман шаруашылығы және ормандарды қорғау басқармасының Жамбыл орман шаруашылығы Мақпал орманшылығының орманшысы, аға орманшысы, 1986-1988 жылдары Луговой орман шаруашылығының директоры, 1988-1993 жылдары Луговой орман шаруашылығының аға орманшысы,1993-1995 жылдары Ақыртөбе орман шаруашылығының аға орманшысы, 1998-2000 жылдары Жамбыл орман және аң шаруашылығы мекемесі директорының орынбасары, 2000-2006 жылдары «Тараз Орманы» РМК директорының орынбасары, 2006-2009 жылдары облыс әкімдігінің Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. 2009-2015 жылдары аралығында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Үйленген, 5 бала тәрбиелеп өсіруде.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




