Еліміздің денсаулық сақтау саласында бүгінде екі мыңға жуық хирург халықтың денсаулығы үшін қызмет етеді. Ал, өз еліміздегі медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын жүзден аса жас мамандарды дайындап шығарады. Біздің облыста жалпы 138 хирург дәрігер жұмыс істейді.
Адам өмірін аурудың құрсауынан арашалау мақсатында еңбектеніп жүрген хирургтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жыл сайын 160 мыңға жуық жоспарлы және шұғыл операциялар жасалатынын айтты.
– Хирург болу тек жоғары біліктілікті ғана емес, сонымен қатар асқан батылдықты, төзімділікті және адалдықты қажет етеді. Адам өміріне байланысты күн сайын күрделі шешімдер қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігі хирургтардың медицина саласын дамытуға қосқан үлестерін жоғары бағалайды, – деді Ақмарал Шәріпбайқызы.
Халықты қолжетімді және сапалы хирургиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін министрлік стандарттарды, жалпы нормативтік базаны жақсартып, прогрессивті медициналық технологияларды енгізуге, ауруханаларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Қазақстан хирургиясында аз инвазивті араласулар, роботтандырылған жүйелер және эндоскопиялық техника белсенді енгізілуде. Операциялық блоктар оталарды ең аз жарақаттаумен және жоғары дәлдік деңгейімен жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған.
Бүгінде Қазақстан «ашық жүрекке» күрделі операция жасауға қабілетті әлемнің 22 елінің қатарына кіреді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпті дерттің алдын алу маңызды
- 2 желтоқсан, 2024
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді