Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес, 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ, 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі.
Дәрігер мамандардың айтуынша, жатыр мойны обыры еліміздегі обыр ауруы бойынша екінші орында тұр. Бұл – вакцинасы бар жалғыз қатерлі ісік ауруы. Адам папилломасына қарсы вакцина тек 11 жастағы қыздарға ғана тегін салынады. Ал, әйелдер ақылы түрде ала алады.
– Кез келген екпе адамды қауіпті аурулардың алдын алып, қорғауға көмектеседі. Сол секілді папилломаға қарсы екпе де қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қыз балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Бұл вакцина халықаралық деңгейде өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. Қазіргі уақытта адам папилломасына қарсы вакцина әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда қолданылады. Бүгінгі таңда бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында аталған аурудың таралуы 90 пайызға төмендеді. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі адам папилломасы инфекциясын жұқтыру екенін дәлелдеді. Деректерге қарасақ, Қазақстанда 1800 әйел жатыр обырына шалдығып, 600-і қайтыс болады екен. Сондықтан, ата-аналарға қыздарыңыздың денсаулығы, болашағы үшін уақтылы екпе ектіруге асығыңыздар дегім келеді, – дейді акушер-гинеколог Рано Толықбаева.
Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ, ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да салынуы мүмкін.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді