Джордж Вашингтон – өз заманындағы күрделі тұлға. Америка Құрама Штаттарының тұңғыш президенті Вашингтон тірідей көмілуден қатты қорыққан екен. Тіпті, туысқандарына өзі қайтыс болып кетсе «мені екі күннен кейін жерлеңдер» деп өсиет айтқан көрінеді. Мұны ғылымда « тефефобия» дейді.
Майкл Джексон – поп музыканың падишасы. Оны сахнада қолғаппен көрген тыңдарман әншінің жеке стилі деп ойлауы мүмкін. Алайда, Майкл «гермафобия», яғни ауру (инфекция) жұқтырудан қорыққан. Есік тұтқасының өзін ашық қолмен ұстамаған.
ХХ ғасырдың жарық жұлдызы, әнші, актриса Мэрлин Монро сахнаға шығудан қатты сескенген. Ең қызығы да осы. Өнер адамының киелі сахнадан қорыққаны біртүрлі әрі таңғаларлық емес пе?
Орыстың классигі Александр Пушкин кішкентай саусағындағы ұзын тырнақтарын сындырып алудан үрейленген. Сондықтан үнемі саусағына оймақ киіп жүрген. Сондай- ақ, оймақты жатар кезде де шешпеген. Бар мақсаты қауіп- қатердің алдын алу.
Ең ұлы тарихи тұлғалардың бірі Наполеон Бонапарт неден қорықты деп ойлайсыз? Ақ тұлпарлардан. Психиатрлар зерттеу нәтижесінде екі диагнозды анықтайды. Әуелгісі жылқыдан қорқу «гиппофобия» және ақ түстен қорқу «лейкофобия» деп аталады. Бонаппартты ақбозатпен бейнелеу бұл суретшілердің қиялынан туған кескін.
Стив Джобс–америкалық өнер тапқыш. Әлем оны Apple корпорациясының негізін қалаушы ретінде таниды. Тістелген алма бүгінге дейін сұраныстағы тауар. Сіз білесіз бе, жаһанды дүр сілкіндірген данышпанның фобиясы кішкентай ғана түймелер екен. Анығырақ айтқанда, Джобс осы қорқынышы үшін сенсорлық экран ойлап тапқан.
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Шалғай ауылда Мәдениет үйі пайдалануға берілді
- 19 желтоқсан, 2024
Ұлттық өнер ұлағаты
- 13 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді