
Күн мен желді тұрақты энергия көзіне жатқызуға болмайды. Күннен энергияны жазда, ал желден екпінді жел тұрған кезде ғана алуға мүмкіндік туады. Судан электр энергиясын өндіруге территориямызға өзеннен келіп жатқан су көлемі де жоқтың қасы. Сол себепті, уақытты өткізіп алмастан, қазірден бастап атом электр станциясын салуды қолға алу керек. Егер уақытты өткізіп алсақ, энергия тапшылығына ұшыраймыз. Ол кезде бізге ешкім қол ұшын бермеуі мүмкін. Тіпті, көмектескен күнде де республикамыздың оңтүстігінде орналасқан халқымыз 1992 жылдардан кейінгідей күйзеліске ұшырайды. Атом электр станциясының бір артықшылығы, қоршаған орта көміртегінің тотықтарымен ластанбайды, таза болады. Ал, мұнай өнімдерін, көмірді қолданғанда қоршаған ортаның ластануы өте жоғары. Соңғы кездерде ауру түрлерінің көбеюі үлкен қалалардағы автомобильден шыққан түтіннің әсерінен орын алуда. Себебі, халық сол түтінмен тыныс алады. Дана Абай «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» дегендей күй кешпейік. Барлығымыз бір кісідей өз таңдауымызды жасайық!
Юлдашбай ДӘРІБАЕВ,
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ұқсас жаңалықтар
Офицерлер отбасындағы ару
- 8 наурыз, 2025
Мемлекеттік тілге жүйрік, ісіне ұқыпты Карина
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Жамбылда жазасын өтеушілер Алғыс айту күнін атап өтті
- 1 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді