Аталған акция аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, «ӨС және АҚЖҚ» РММ қызметкерлері, Жібек жолы жастары еріктілерімен бірлесіп қала аумағында орналасқан Театральная, Рафинадная көшесі мен бұрылыстары, Өтеген батыр және Гончарова көшелерінің тұрғындарына жылыту маусымы кезінде құбырларды тазалау, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау, улы газ тақырыптарында профилактикалық іс-шара жұмыстары жүргізілді. Жылыту маусымына арналған науқанның барысында қаладағы 750-ге жуық үй мен 2250 тұрғынға арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.
Статистика мәліметіне сүйенетін болсақ, Тараз қаласы бойынша 2024 жылғы 16 қыркүйек аралығында 193 өрт болып, 1 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған. Өткен жылдың есебімен салыстырғанда өрт санының 28 жағдайға артқаны байқалады. Ал, қаза болғандар саны 6 адамға азайған. Жалпы, өрттің пайда болуы көбінесе адамдардың немқұрайлы көзқарасынан туындайтыны белгілі. Тұрмыстық өрттердің негізгі пайда болу себептері отпен абайсызда жұмыс істеу, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмеу және сақтамау, тұрмыстық және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы нәтижесінде туындайды. Міне, дәл осы себептерден жыл сайын қыс мезгілінде өрт саны артады. Жыл сайын жылыту маусымы басталғанға дейін тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында сала мамандары өрт қауіпсіздігі айлықтарын өткізеді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру үшін жеке секторды аулалық аралау жұмысы жүзеге асырылып, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады.
Назерке ОҢҒАР,
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді