Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан толайым табысқа жеткен әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
– 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.
Еске салайық, Будапештте өткен дүниежүзілік олимпиадада Қазақстан қыздар құрамасы 18 ұпай жинап, алғаш рет күміс жүлдегер атанды.
Ал алтын медалді үндістандық шахматшылар жеңіп алса, қола жүлде АҚШ спортшыларына еншісіне бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар
Қаратауда қауыз жарған, Мәңгілікке аңыз болған – қызғалдақ
- 28 сәуір, 2026
Ақ пейілмен қолға алынған іс берекелі болады
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




