Батальон командиріне институтқа түскісі келетіні туралы рапорт жазған олар болашақта әскери салада қызмет еткісі келетіндерін айтуда.
– Біздің мотоатқыштар батальонында жоғары әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта бізде мерзімді қызмет атқарушы 13 сарбаз Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсуге ниет білдірді. Бұл қадам маған командир ретінде де, офицер ретінде де ұнады. Мен сарбаздардың таңдауын мақтан тұтамын. Сарбаздарымыз болашақта жақсы офицерлер мен Отан қорғаушылар болатынына сенімдімін, – дейді 11971 әскери бөлімінің командирі, майор Мейрам Асылбеков.
Атап өту керек, әскери оқу ордасына түсу кезінде мерзімді қызмет сарбаздарына ұлттық бірыңғай тесттің нәтижелері қажет болмайды. Олар тек дене шынықтыру нормативтерін тапсырса жеткілікті. Қостанайдан келген қатардағы мерзімді қызметтегі Роман Музафаров Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсуге ниет білдірген сарбаздардың бірі. Ол өзінің шешімі туралы туыстарымен бейнебайланыс арқылы тілдескен кезде хабарлаған. Өз кезегінде туған-туысы оны қолдап, әкесі ұлының мұндай шешімін мақтан тұтатынын жеткізген.
– Әкем мектепті сәтті тәмамдаған соң, заңгер мамандығында білім алған. Оқу орнын үздік бітірген ол кейін әскери училищеге оқуға түсіп, офицер атанды. Мен оның ізімен жүруге шешім қабылдадым. Бала кезімнен әскери сала қатты қызықтыратын. Менің ойымша, мерзімді қызмет барысында әскери институтқа түсу өте жақсы мүмкіндік. Өз басым әскери училищеге түсуге ниеттеніп жүргенмін. Енді міне, Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп жүргенімде іздегенім алдымнан табылды. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысамын. Қазіргі таңда өтінішімді жазып қойдым, жауабын күтудемін, – деген ол барлау факультетінде білім алғысы келетінін жеткізді.
Ал, алматылық Рауан Тұрысқұловтың отбасында әскери қызметшілер жоқ. Ол өз әулетінен шыққан алғашқы офицер болуды армандайды. Айта кету керек, сарбаздарға жоғары білім алуға мүмкіндік беру жүйесі әбден ойластырылған. Сондықтан мерзімді қызметке шақыруды болашақ перспективалардың ең жақсы нұсқаларының бірі деп атауға болады. Мәселен, Роман Музафаров пен Рауан Тұрысқұлов әскери институтқа түсуге ниет білдірген басқа да сарбаздар секілді осы жылдың көктемінде әскер қатарына шақырылған.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
- 26 желтоқсан, 2024
Аға буынның айтары көп
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді