Тәртіптің бастауы – әдептілік

Тәртіптің бастауы – әдептілік
Ашық дереккөз
Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметкерлерімен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары тұрақты сақталып келеді. Осы жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдің атқаратын жұмыстары туралы жұмыс жоспары бекітілген. Аталған жұмыс жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау бойынша Департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Заңнамаларын түсіндіру мақсатында 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында 5 семинар өткізіліп, оның ішінде әдеп жөніндегі уәкіл – 3 дәріс, сала мамандары 2 дәріс оқыды. Сонымен қатар, облыстағы әдеп жөніндегі кеңесінің шешімдері мемлекеттік қызметшілерге таныстырылып, заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу, оларға жұмыс бабында мотивациялық ынталандыру шаралары тұрақты түрде көрсетілуде. Биыл «Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Оған департамент өзіндік үлесін қосып, бір мемлекеттік қызметшінің ата-анасына өнегелі тәрбие бергені үшін департамент басшысы тарапынан алғыс білдірілсе, бір мемлекеттік қызметші Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар, департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері салауатты өмір салтын қалыптастыру, сауықтыру және спорттық іс-шараларға өзіндік үлестерін қосуда. Айта кететін болсақ, 6-12 шілдеде балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен спорттық шаралар ұйымдастырылып, оған департамент қызметкерлері қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

Осы жылы департаментке үш лауазымды тұлғадан төрт түрлі сыйлықтар түскен (қаламсап, француз үйінің сыйлық сертификаты, раушан гүл шоқтары және т.б. сыйлықтар). Бұл сыйлықтардың ішіндегі раушан гүл шоқтары жойылса, қалған сыйлықтар мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз атанған тәуелсіз бағалаушымен 10 800 теңгеге бағаланып, бүгінгі күнге сатылу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан 3 азамат жеке қабылдауда болып, қойылған сұрақтарына тиісті жауаптары беріліп, түсіндірілді.

Департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс. Осы мәліметтерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасынан мәліметтер алынып, нәтижесінде тәртіптік, қылмыстық, құқықтық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аталғандардан бөлек, ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау мақсатында 14 мемлекеттік қызметшінің қатысуымен 1 рет жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің ұжымдарда жағымды моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасқанын көрсетті. Қызметтік автокөліктерді қолдану бойынша, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

 

Ғани ҚОЙБАҒАРОВ,

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар