Басы айналып, қан қысымы жоғарылаған 58 жастағы науқас Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына келген. Ол басы ауырып, құлақтың шуылына шағымданған. Жағдайын жан-жақты қараған дәрігерлер науқасты жақ омыртқа артериясының v2 сегментінің созылмалы окклюзиясы, v1 сегментінің сыни стенозы, сол жақ омыртқа артериясының v3 - 4 сегментінің сыни стеноз-диссекциясы, оң омыртқа артериясының гипоплазиясы диагнозымен жоспарлы түрде ауруханаға жатқызған. Оның бойынан инсульт пен басқа асқынулардың жоғары қаупін ескере отырып, нефросклероз, артериялардың диссекциясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, аурудың табиғи ағымында тұрақты жүктемемен жүректің жұмысы аясында хирургиялық емдеу ұсынылады. Отаны оператор, нейрохирург Еркебұлан Меркібеков, ассистент Қаһар Нұрлан жасайды. Мамандармен рентгенэндоваскулярлық ангиопластика, сол жақ омыртқа артериясының V1-4 сегменттерін стенттеу жүргізіледі. Стент – бұл сымды ұяшықтардан тұратын, арнайы баллонмен кеңейтілетін жіңішке металды түтікше. Ол зақымдалған тамырға еніп, кеңейтіледі де тамыр қабырғасымен беттесіп, тамыр саңылауын кеңейтеді.
Науқас стентті араласудан соң құлақтың шуылын азайғанын, басының айналғаны қойғанын, қан қысымының жақсарғанын айтты.
Омыртқалы артериялардың созылмалы окклюзиялық патологиясын уақтылы диагностикалау және емдеудің кешенді тәсілі пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір жақсартады, асқыну қаупін азайтады. Бұл жағдайды басқаруда дәрігердің үнемі бақылауы және емдеу нұсқауларын сақтау маңызды рөл атқарады.
Бұл сырқат туралы анығырақ айтсақ, омыртқалы артерияның созылмалы қабысуы (окклюзиясы) – миды қамтамасыз ететін омыртқалы артериялардың біреуінің немесе екеуінің де толық қабаттасуы болатын жағдай. Ол мұқият бақылауды және емдеуді қажет етеді.
Патология әртүрлі факторлардан туындауы мүмкін, соның ішінде атеросклероз, тромбоз, атомдық ерекшеліктер, қабыну аурулары және жарақаттардан. Аурудың белгілеріне бас айналу, жалпы әлсіздік, сөйлеудің бұзылуы, анық емес көру, атаксия және психикалық бұзылулар жатады. Клиникалық дәрі-дәрмекпен емдеу көбінесе нашар нәтиже береді, бұл пациенттердің өмір сапасына қатты әсер етеді.
Бүгінгі күні омыртқалы артерияны тарылту кезінде эндоваскулярлық хирургия тамырдың өткізгіштігін қалпына келтіруге және дамудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді