
Кез келген тұрғын өзінің тұрғылықты мекенжайына қарай тіркелген емханасына барып, екпе салдыра алады.
– Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 Қаулысына сәйкес, 15 қыркүйектен бастап вакцина егу жүргізіле бастады. Тұмауға қарсы вакцинация – бұл спецификалық алдын-алу. Вирус жұқтырған жағдайда алынған вакцина аурудың ауыр ағымынан және мүмкін болатын асқынудан қорғайды. Бұл вакцина кімдерге тегін салынады дегенге тоқталайық. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына сәйкес контингенттерге жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Ол контингенттерге медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектер, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің тұрғындары, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тіркелген тұлғалар жатады, – дейді облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел топтарын егуге 123 мың доза тұмауға қарсы вакцина сатып алыныпты. Тұмауға қарсы екпе алғаннан соң вирус жұқпайды, мүлдем ауырмайды деуге болмас. Тек, ағзаның аурумен күресуге қабілеттілігі күшейіп, сырқат жеңіл өтеді. Сондықтан, дерттің алдын алған жөн.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау маңызды
- 6 наурыз, 2025
Вакцинация бағдарламалары жалғасады
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Жамбылда жазасын өтеушілер Алғыс айту күнін атап өтті
- 1 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді