Облыстағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің желісі бүгінде 10084 шақырымды құрайды. Оның 6041 шақырымы жақсы, 2519 шақырымы қанағаттанарлық, 1524 шақырымы нашар жағдайда. Бүгінгі таңда 357 жобаның шеңберінде 690,5 шақырым жол жөндеуден өткізілуде. Оның 671 шақырымы орта жөндеу, бір көпір мен 16,5 шақырым көше жолы бар, ал 3 шақырым жолды қайта жаңғырту жоспарланған. «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 34 жоба іске асырылуда. Осы жобалардың аясында 164,2 шақырым жол жөнделеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 99 пайызға жеткізу межеленген.
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасы, «Өңірлерді дамыту» мен «Моноқалаларды дамыту» бағдарламары аясында және аудандық, қалалық бюджеттердің есебінен – 323 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, осы жобалардың аясында жалпы ұзындығы 526,3 шақырым жол жөнделетін болады. Нәтижесінде, елді мекен көшелері бойынша көрсеткіш 87 пайызға жеткізілмек. «2025 жылдың жоспарына келетін болсақ, 189,6 шақырым жергілікті маңызы бар автожолдарды, 150 шақырым елді мекен көшелерін орта жөндеуден өткізу жоспарлануда. Жол жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау «Жол активтерінің Сапа орталығымен» келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Мерзім ішінде сапа орталығымен 840 жерге шығып зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2642 сынама алынды. Нәтижесінде, 263 (республика – 233; жергілікті – 30) ескертулер беріліп, жұмыс тәртібінде жою жөнінде шаралар қабылданды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1194 шақырымды құрайды.
2020-2025 жылдың жоспарына сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 473 шақырымды құрап, олар «Меркі-Бурылбайтал» – 266, «Балқаш-Бурылбайтал» – 145, «Күрті-Бурылбайтал» – 62 шақырым жобаларында жүргізілуде. Күрделі жөндеу 68,4 шақырымды құрайды, атап айтсақ – «Шу-Қайнар» – 56, Ескі «Күйік» асуы – 12,4 шақырым. Аталған жобалар толық іске асырылып, пайдалануға берілген соң, республикалық жолдар бойынша жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 97,3 пайызға жеткізу жоспарлануда, – дейді облыс әкімінің орынбасары.
Жалпы, жергілікті маңызы бар жолдарды 2024 жылғы қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 312,7 миллион теңге қаржы қарастырылған. Бұл жұмыстарды атқаруға 23 мердігерлік ұйымдар тартылып, 189 бірлік арнайы қыстық техникалар мен жабдықтарды жұмылдыру, сондай-ақ 12 000 тонна тайғақтыққа қарсы материалдарды әзірлеу жоспарлануда.
– Облыс бойынша 138 автобус маршруттары бар. Оның 13-і облысаралық, 28-і ауданаралық, 54-і ауданішілік, 38-і қалалық, 5-і қала іргесіндегі маршруттар. Жалпы, 2024 жылы 79 маршрутқа 6,1 миллиард теңге субсидия бөлініп отыр. Оның ішінде ауданаралық маршрутқа – 158,2 миллион, темір жолға – 333,9 миллион, ауданішілікке – 812 миллион, қалалық маршруттарға – 4,8 миллиард теңге қаралған. Биыл қалалық маршруттар 112 автобусқа жаңартылды. Жыл соңына дейін қосымша 45 автобус сатып алу жоспарда. Ал аудандарға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы лизингтік қаржыландыру бағдарламасымен 13 бірлік автобус сатып алынды. Оның 7-і Шу, 6-ы Меркі ауданында алынған. Аталған бағдарлама аясында жыл соңына дейін қосымша 10 автобус алу жоспарда. Облыс орталығындағы «Халықаралық Әулие-Ата әуежайынан» (меншік иесі «SCAT» авиакомпаниясы) Астана, Алматы және Атырау бағыттарында әуе рейстері қатынауда. Еліміздің басқа облыс орталықтарына және демалыс орындарына қосымша әуе рейстерін ашу бойынша жоспарлар бар. Темір жол саласына тоқталар болсақ, «КТЖ-Жамбыл жүк тасымалы» – Жамбыл бөлімшесі бойынша осы жылдың 8 айында жүк тасымалынан түскен табыс 29,9 миллиард теңгені құрады. Тәуліктік жүк тиеу 371 вагон, орташа тәуліктік түсірілуі 300 вагон болды. Жамбыл жол бөлімшесінде 8 вокзал бар. Оның 2-еуі 1-сыныпты, 2-еуі 3-сыныпты, 4 вокзал жалпы қолданыстағылар. 2025 жылы Шу вокзалын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, қалған вокзалдарға мекеменің өз күшімен ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда Тараз вокзалы арқылы 24-25 жолаушылар поезы қатынайды. Оның 4-і халықаралық поездар. Жыл басынан бері вокзалдар 661 мың адамға қызмет көрсеткен, – дейді Қанатбек Мәдібек.
Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау саласында биыл 121 құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 71 нұсқама беріліп, 170 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 105 тапсырыс беруші, 31 мердігер мекеме, 5 жобалаушы,17 техникалық қадағалаушы және 12 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл соммасы 38,9 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, 7 техникалық қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар, қолданыстағы сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды. Ал құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген екі мердігер мекеме Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Қанатбек Қайшыбекұлының айтуынша, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ұсынымдарына сәйкес аудандардағы құрылыс нысандарына, жалпы 145 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізген. Облыс аумағында құрылысы тоқтап тұрған 51 сақалды құрылыс нысаны болған. Бүгінгі күнге 24 нысан пайдалануға берілді. Тараз қаласында 21 нысан қалды; 4 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде; 8 нысанның құрылысы жүріп жатыр; 5 нысан қаражатқа байланысты тоқтап тұр; 4 нысан облыстық жер ресурстарын басқару департаментінде жерін қайтару бойынша қаралуда. Ал, аудандарда 6 нысан қаржы жетіспеуіне байланысты тоқтап тұр.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- Бүгін, 14:24
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді