АЭС туралы халық арасында әртүрлі пікір айтылып жүр, ел ішінде оның құрылысына күмән келтіріп жатқандар жоқ емес. Мәселен, зерделесек, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанымыздың оңтүстік өңірлеріндегі энергия тапшылығын еңсеруге зор көмегін тигізеді екен. Қазіргі уақытта электр қуатының тапшылығы елдің оңтүстік аймақтарында қатты байқалады. Бүгінде бұл өңірлердегі электр қуатының тапшылығы солтүстіктен келетін ағынмен жабылуда. Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесе, тапшылық жыл сайын орта есеппен жылына 3 пайызға өседі екен.
Осыған байланысты атом электр стансасын салу экономикалық тұрғыдан ең тиімді шешім болып табылады деп ойлаймын. Сондай-ақ, жобаны іске асыру кезеңінде мыңдаған жұмыс орны құрылып, стансаның жұмысы кезінде біршама адам жұмыспен қамтылары сөзсіз.
Бұған қоса, АЭС-тегі әрбір жұмыс салаларында көптеген жұмыс орындары ашылса, еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер етеді деген сөз. Демек, тек АЭС ілеспе салаларында түп- тұқиянын жетік меңгеретін мамандарды қарастыру ғана зор міндет.
Айгүл ҚАБИЕВА,
«ӘулиеАта» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




