Кадрлық әлеуетке назар аударылған

Кадрлық әлеуетке назар аударылған
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында ел экономикасын білікті мамандар басқару қажеттігіне, сұранысқа ие болатын кәсіптерге байланысты білікті мамандар дайындау қажеттігіне назар аударылған. «Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет.

Сондай-ақ, болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды.

Үкімет жоғары білім саласын Халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады.

Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады», – делінген Жолдауда.

Бұл, әрине, елімізді экономикалық жақтан өркендетуге бағытталған тұжырым. Біз профессор-оқытушылар, өскелең ұрпақтардың мамандық таңдауына ықпал ете отырып, білікті мамандар даярлауда барлық біліміміз бен тәжірибемізді сарқа пайдалануымыз керек. Яғни, студенттердің білімге деген құштарлығын арттыра білуіміз керек. Президент айтып отырғандай, студенттерді Халықаралық білім ст андартымен білім а луына баулуымыз керек.

Қазіргі таңда дүние жүзіндегі жоғары оқу орындары жастарды білікті маман болып шығуы үшін инновациялық саясатты жүргізіп жатыр. Яғни, еліміздің дамуы үшін бізге қоғаммен үндесетін жаңа мамандықтарды ашу қажеттігі туындап отырғаны да шындық. Мұның ішінде, еліміздің өндіріс салаларын автоматтандыру ісі қарқынды жүргізілуін қамтамасыз ету және телекоммуникация саласын жоғары дәрежеде дамытуымыз қажет деп ойлаймын. Біз сонда ғана еліміздің экономикасына әсер ететін оңтайлы факторларды білім беру процестеріне енгізе аламыз. Сондықтан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультеті «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасы әрдайым қолдап-қуаттауға әзір.

 

Зарибулла НАЗАРОВ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультеті «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы.

Ұқсас жаңалықтар