Бірыңғай медициналық жүйе жұмысты жеңілдетеді

Бірыңғай медициналық жүйе жұмысты жеңілдетеді
Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту үшін кешенді шаралар қажет деген сөздері бізге үлкен серпін берді.

Ел Президенті «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жекеменшік медицинаға зор пайдасын тигізді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды», деп медициналық сақтандыру мәселесінің дұрыс шешілу жолдарын айтты.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы қаржылық ағындар туралы ақпараттың ашықтығын және сапаны бақылауды қамтамасыз етуді қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған бірнеше ондаған әртүрлі бағдарламалар мен мәліметтер базасының орнына Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құруды тапсырды. Бұл шара, шын мәнінде, мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін әртүрлі денсаулық сақтау ұйымдарынан, меншік нысанына қарамастан, алынған барлық деректердің түпкілікті бақылауын және объективтілігін қамтамасыз етеді және мәжбүрлеу саласындағы жалғандық пен алаяқтықты болдырмауға көмектеседі.

Біз өз кезегімізде жұмыспен қамтылған, бірақ МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған жамбылдықтармен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, цифрлық отбасы картасын қадағалайтын боламыз. Сонымен қатар, өз қызметкерлері үшін МӘМС жарнасын төлемейтін жұмыс беруші мекемелерді де анықтау қажет.

Елімізде Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйенің енгізілуі бұл бағыттағы жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының пациенттерге мемлекет кепілдік берген қызметтердің орнына ақылы негізде медициналық көмек көрсетуге жол берілмейтіндігі туралы пікірімен келісемін.

Мемлекет базалық мемлекеттік медициналық көмектің біртұтас пакетін құру кезінде әрқашан өз мүмкіндіктері мен міндеттерінің арасында салауатты теңгерім табады. Сондықтан, шын мәнінде, бұл пакеттен тыс барлық нәрсе медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленуі керек.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдау барысында денсаулық сақтау саласына салынған инвестицияның орнына мемлекеттік және жекеменшік әріптестік барабар тарифтерді қамтамасыз етуге көмектесуі керек деген сөзіне де қатты риза болдық.

Біз Мемлекет басшысының өзімізге берген тапсырмасын барынша жоғары деңгейде орындаймыз. Жылдың бас құжатындағы әр жолды орындау – біздің басты міндетіміз.

 

Жанар ОСПАНОВА,

облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар