Мойынқұмдықтар республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығы – Мойынқұм ауылына кіреберіс тасжолдың бойын кездейсоқ қоқыстар мен жол жиегіндегі арам шөптерден тазартты. Іс-шараға аудан әкімдігінің бөлімдері, аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және аудан тұрғындары белсенді атсалысты. Тұрғындардың бірлігі арқасында Мойынқұм ауылының кіре берісінен бастау алған шарада жол бойындағы қоқыстар қаптарға жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Ауыл ішіне ағын су кіретін арықтардың маңы тазартылды.
Бұл күні ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде орталық Амангелді көшесінің бойы да тазаланып, аудан төлқұжаты жазылған және Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштері маңындағы ағаштар мен бағаналарды әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Жалпы бұл күні барлығы 15 ағаш және 10 бағана әктелініп, сырланды. Сондай-ақ, акция аясында аудан орталығындағы саябаққа 50 түп жеміс-жидек ағашы, 30 түп шырша (туя) ағашы отырғызылғанын атап өткен жөн.
Ауданда республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




