Президент кеңесшісі білім саласының өкілдерімен кездесті
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2024
- 419
Басқосуды облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ашып беріп, жүргізіп отырды. Бұдан әрі білім беру жүйесінің әлеуметтік саладағы маңызы мен мәніне тоқталған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов бұған дейінгі Жолдаулар аясында Мемлекет басшысы тапсырған міндеттердің іске асу барысын баян етті.
– Қазіргі таңда ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіштері білім деңгейімен өлшенеді. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында бұл саладағы нақты бағыттарды айқын көрсетті. Бүгінде Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында облысымызда 12 мектеп салу жоспарланған. Өздеріңізге белгілі, оның алғашқысы Байзақ ауданында оқушыларға есігін айқара ашты. Биыл 41 білім нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 19-ы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Мемлекет басшысы бұдан бөлек, педагогтардың біліктілігін арттыру қажеттігін айтып өтті. Бұл бағытта осы жылы 6125 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Облысымызда алғаш рет кәсіби біліктіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан ұстаздарды анықтау, өңірлік кадр пулын қалыптастыру мақсатында «Білім беру саласындағы әлеуетті көшбасшы» байқауы өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деді басқарма басшысы Рауан Нұрғалиұлы.
Бұдан өзге, басқарма басшысы оқушылар қауіпсіздігі, әлеуметтік қамту мен білім мекемелерін техникалық жабдықтау мәселелері жөнінде де сөз қозғап, бірқатар білім ошақтарының басшылары Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, Мәлік Отарбаев Президенттік стратегияның негізгі бағыттары экономиканы жаңғырту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жайында сөз қозғады. Бұл ретте Президент кеңесшісі қоғамдық сананы қалыптастыруда ұстаздардың идеологиялық рөлі басым екендігіне де тоқталып өтті.
– Ұстаз қашанда ұлттық идеологияның сақтаушысы, қорғаушысы және сол құндылықтың болашаққа жеткізушісі саналады. Сіздердің ұлттық қасиеттерімізді бойға сіңіріп, жастарды тәрбиелеудегі еңбектеріңіздің маңызы зор. Мемлекет басшысы да бұл қызметтеріңізді жоғары бағалап, педагогтердің мәртебесі туралы заңның қабылдануына бастамашы болды. «Жайлы мектеп» жобасы да Президент тапсырмасымен іске асырылуда. Мұның бәрі бүгінгі қажетілігімізді айқындап, жаһандық даму көшіне ілесу мәселесінен туындап отыр. Өздеріңізге белгілі, ел Президенті сайланғалы бері қоғамымызға жаңа саяси мәдениетті енгуге күш салып келеді. Референдум өткізу ісі де осы жұмыстардың заңды жалғасы. Мұның бәрі нәтижелі істердің нақты жемісі, – деді Мәлік Нұржанұлы.
Бұдан өзге, жиында Жолдауда айтылған міндеттердің іске асырылуы, 6 қазанда өтетін АЭС салу бойынша референдумның маңыздылығы, оқитын ұлт қалыптастырудағы жұмыстар жөнінде айтылып, білім саласы мамандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- 21 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді