Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2024
- 406
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша 38 нысанда жалпы сомасы 64118,4 миллион теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 59 670,8 миллион теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 4447,6 миллион теңге, мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының бұзушылықтары 2 448,0 миллион теңгені құрады.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 1791,0 миллион теңгенің бөлігі, яғни, 120,6 миллион теңгесі қолданылған шаралар арқылы қайтарылып қалпына келтірілді. Сәйкесінше орнын толтыру 6,7 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 27 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. 15 тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы 6,1 миллион теңгеге толтырылып, аталған сома толығымен бюджет есебіне өндірілді. Тиісінше орнын толтыру 100 пайызды құрады.
Бұдан өзге, Департаментпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы мен заңды және жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 1440,5 миллион теңгені құрайтын 4 материалы құқық қорғау органдарына берілді.
Бұдан өзге, Департаментпен 2024 жылдың І жартыжылдығында құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 507,2 миллион теңгені құрайтын 15 маман қорытындысы беріліп, барлық материалдар талап бойынша құқық қорғау органдарына жіберілді.
Рахымжан ДІЛДАЕВ,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді