Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері балалардың терезеден құлауы туралы 152 хабарлама келіп түскен. Салдарынан оқиға орнында 16 бала қайтыс болып, қалған 136-сы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. «Тек жазғы кезеңнің өзінде Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы 108 жазатайым оқиғаны тіркеді. Көп таралған себептерінің бірі – балаларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы. Бұл жағдайда заманауи терезелерге орнатылған москиттік торлар ең үлкен қауіп тудырып отыр», – делінген хабарламада.
Биыл күн жылынысымен ведомствоның аумақтық бөлімшелері қауіптің алдын алу жұмыстарын күшейткенін атап өткен жөн. Осылайша, көпбалалы отбасылардың пәтерлерінде ТЖМ құтқарушылары терезелерге үш мыңнан астам бұғаттау құрылғысын орнатты. Құтқарушылар «Өзіңнен баста!» ведомстволық челленджі аясында осындай арнайы құлыптау механизмін үлгі ретінде өз үйлеріне де орнатты. Жиырма аумақтық бөлімшенің қызметкерлері осы процесті көрсете отырып, халықты оқытты. Осындай іс-әрекеттер арқылы балаларды кез келген оқыс оқиғалардан қорғай білу, олардың амандығы бәрінен де маңызды екенін еске салды.
Енді бұл челленджді еліміздің Оқу-ағарту министрлігі жалғастырмақ.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
«Қумашы» деген сөзді жиі еститін болдық
- 11 наурыз, 2026
Шаһар қолөнершілерінің шығармашылық есебі
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




