Өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланған күннен бастап аталған маңызды шараның аясында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуде. Мәселен, жыл сайын күзгі салқын ауа райының басталуына және жылыту маусымының жақындауына орай елімізде жеке тұрғын үй секторларын аралау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Мұнда өрттің туындау және адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінің профилактикалық жұмысына азаматтық қорғау органдары ерекше назар аударады. Сонымен қатар, азаматтық қорғау қызметкерлері жылыту пештерін нормаларға сәйкес келтіру және бітелген түтін мұржасын тазарту бойынша мүмкіндігінше көмек көрсетеді. Мәселен, еліміздің барлық өңірлерінде 25 тамыз күні адамдардың жаппай жиналатын орындарында – ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында, базарларда, павильондарда, «Мечта», «Технодом», тағы басқа да тұрмыстық техника дүкендерінде LED экрандар мен дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолдану арқылы оқыту бейнероликтер және аудионы бір мезгілде тарата отырып өрт қауіпсіздігінің бірыңғай сағаты өткізілді. Бұл акция өрттердің, оларда адам өлімінің және жарақаттануының алдын алуға, халықтың өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық білім деңгейін арттыруға көмектесуге бағытталған.
Өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі (15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін) бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыспен толық қамтуға бағытталған. Бұл бойынша елімізде халықтың әлеуметтік осал топтарының 133 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды. Айта кету керек, азаматтардың осы санаты үшін автономды улы газ қондырғыларын орнату тәжірибесі оң нәтиже көрсетті. Мәселен, өткен жылыту кезеңінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер тұратын үйлерде улы газды анықтайтын 43 мыңнан астам қондырғы орнатылған болатын. Осындай қондырғылардың іске қосылуы нәтижесінде 26 адамның құтқарылғанын айта кеткен жөн.
Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды әр кез қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ, отты пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді