
Мемлекет басшысының Жолдауында көңілімізге қуаныш сыйлаған жағдайлар өте көп болды. Елімізде соңғы кездердегі өзгерістер мен реформалардың өз жемісін бере бастағанын айта келіп Президент: «Адамдардың сана сезімінде бетбұрыстар болып жатыр. Бізге арқаны кеңге салуға болмайды» деп атап өтті. Тағы бір қуанышты жағдай, халықаралық қордағы қаражат айналымы 1 миллиард долларға жеткені. Жолдауда бұл қаражатты ұзақ жылдарға бағытталған Стратегиялық жоспарларға бөлу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, қаржы, несие, экономикалық мәселелер, салық саясатының әділетті болуына ерекше назар аударылды. Бюджеттің нашар орындалуы, банктердің жұмысына қатысты да біраз мәселе айтылды.
Президент әрбір шығынды есептеп, жұмыс істеу, шағын және орта кәсіпкерлік иелеріне ерік беру, мемлекеттің экономикаға араласуын бірте-бірте азайту мәселелерін шегелеп айтты. Теміржол саласын реформалау, мың шақырым теміржол салу, Теңіз портындағы жұмыстарды жандандыру туралы, су үнемдеу мәселесін ерекше айтып өтті. Биыл көктемдегі су тасқыны кезінде халықтың бірлігі, татулығы, ынтымағы байқалғанына тоқталып, сол ынтымақтың күшімен сынақты жеңіп шыққанымызды айтты.
Ардагерлер кеңесі облыстағы барлық қариялардың әлеуметтік жағдайына назар аударады. Президент медицина саласындағы мәселелерді жақсы айтып өтті. Мәселен, зейнеткерлер әрқайсысы 40-50 жыл еңбек еткен кісілер. Жылына он күн демалып қайтуға мүмкіндіктері жоқ. Президент біздің облыстағы Меркі ауданында «Ауыл аманаты» жобасының жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатқанын айтты. Меркідегі үлгілі жұмыстың Президент тарапынан айтылғанын зор қуанышпен қабылдап отырмыз.
Бір сөзбен айтқанда, Жолдау көңілімізден шықты. Алдағы жылдан күтетін жақсылықтарымыз көп. Еліміздің одан әрі дамуына Жолдаудың әр тарауы ықпал ете береріне сенімдімін.
Еркінбек СОЛТЫБАЕВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
- 29 қаңтар, 2025
Аумақтық сайлау комиссиясы есеп берді
- 23 қаңтар, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді