– Біздің балаларымыз Үкімет тарапынан жасалған жағдайлардың нәтижесінде жан-жақты білім алып, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда, спорттық додаларда жүлделі орындарды иеленіп, бізді қуантуда. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың оқушылары биыл «Ең үздік олимпиадалық команда» атанғаны – біздің мақтанышымыз. «Білімдінің күні – жарық, білімсіздің күні – ғаріп» демекші, білімді ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі уақыттың негізгі талабы. Еліміздің ертеңгі абыройын асқақтату – ол біздің бүгінгі өрендеріміздің мерейлі міндеті. Ал біздің басты мақсатымыз – сол оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау. Жаңа оқу жылы жағымды жаңалықтарға толы болсын, игілікті істеріңізге педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін, – деді Әбілхайыр Ғалымұлы.
Бұл білім ошағында биыл 198 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданып, оқушы атанды. Білім мен тәлімді насихаттаған салтанатты жиын барысында мектептің көркемөнерпаз балалары өз өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарды, ата-аналар мен ұстаздарды қуанышқа бөледі.
Айта кетейік, мектептердегі мерекелік салтанатты жиындарға тек 1 мен 11-сынып оқушылары қатысып, алғашқы қоңырау соғылды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Өз жүрегіңді оқығандай әсер аласың
- 31 наурыз, 2026
Ғылымдағы әйел - табандылықтың символы
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




