Гимназия ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап барған облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек облыста 507 орта білім беру ұйымдарына 248 мыңнан аса оқушы білім алатынын жеткізді.
– Білім күні – жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен белестерге бастайтын күн. Сондай-ақ, облысымызда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы мектептердің ең алғашқысы аяқталып, ел игілігіне берілуде. Жалпы, аталған жоба аясында облыс бойынша 12 мектеп салу жоспарланған, олар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласынан бой көтереді. Оның жетеуі биыл, яғни Байзақ ауданынан біреуі, Қордайда екеуі және Тараз қаласында төртеуі, ал келер жылы 5 мектеп Жамбыл, Қордай, Меркі, Шу аудандарында пайдалануға беріледі. Бұл – оқушы орнының тапшылығын, үш ауысымды оқытуды және мектептердің апатты жағдайын шешуге мүмкіндік береді. Мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің де ордасы. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қоғамның білім деңгейіне тәуелді. Білім беру инфрақұрылымын ресурстық қамтамасыз ету – өңірді дамытуда негізгі бағыттардың бірі. Ағымдағы жылы 41 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылды. Жыл соңына дейін 15 мектеп пен 4 мектептің жапсарлас құрылысы аяқталады, 2025 жылы 22 нысанның құрылысы бітеді. Бұған қоса 4,3 миллиард теңгеге 10 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде.
Сондай-ақ, білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге 1,9 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Білім алушыларды қауіпсіз және қолайлы оқыту ортасымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады, – деген Қанатбек Қайшыбекұлы білім ізденуші балаларға табыс, ұстаздарға сәттілік тіледі.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді