Балалардың игілігіне берілген №63 мектеп «Арай» алабында орналасқан. 600 балаға арналған су жаңа білім ұясының ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров арнайы келіп, балаларды білім күнімен құттықтады.
Жаңа білім ұясы қажетті құрал-жабдықтармен, білім алуға керек материалдық-техникалық базамен толық қамтылған. Оқу бөлмелері кең, жарық. Балалар үшін түрлі үйірме сыныптары қарастырылған. Биылғы оқу жылында аталған білім ошағының табалдырығын 485 оқушы аттаса, оның 81-і бірінші сынып оқушылары. Мектеп құрылысын «Строймонтажгрупп» ЖШС жүргізген.
Салтанатты іс-шара барысында жаңа мектепке облыс әкімінің арнайы сыйлығы тарту етілді. Ал мектептің лентасын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен осы аймақтың ақсақалы Ермекбай Сәлімбаев қиды.
– Балаларымыз мемлекет тарапынан жасалған жағдайлардың нәтижесінде жан-жақты білім алуда. Мектеп білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы. Ал, білімді ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасы. Таразда екі бірдей мектептің ашылуы жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Оқушыларды жаңа мектепке қабылдау салтанаты әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, оқушылар «Мектебім – мейірім мекенім» тақырыбындағы сынып сағатына қатысты.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
- 9 сәуір, 2026
Бірегей білім ордасы
- 8 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




