«Сақ стилі» сериясына жататын номиналы 5 000 теңгелік банкнотасының қорғаныш элементтері
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2024
- 729
Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
Қазақстан Ұлттық Банкі 5 000 теңге жаңа дизайндағы банкноттың негізгі қорғаныш элементтері туралы хабарлайды, олар осы банкноттарды жалған банкноттардан өз бетінше ажыратуға көмектеседі.
1) Алтын интаглио – ҚР Елтаңбасы алтын түсті металл бояумен жоғары бедерлі қабатта басылған.
2) Көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі – Банкноттың бет жағының шеттерінде жанасу арқылы жақсы сезілетін шығыңқы жоғары бедерлі элементтер бар.
3) Екі түсті қорғаныш жібі – Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде қызыл және көк түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық лүпілдеу әсері пайда болады.
4) Патч – «Бүркіт» артефактының көлемді бейнесі. Банкнотты аударған кезде номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және күн белгісі сәулелерінің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері.
5) Иридисцентті бояу – Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бет жағында алтын түстес және сырт жағында қызыл түстес жылтыры бар арнайы бояулармен басылған элементтер.
6) Жергілікті электротип сутамғы белгісі – Өтпелі жарықта номиналдың бейнесінен тұратын электротип сутамғы белгісі анық көрінеді.
7) Спарк – Элемент банкноттың сырт жағында «Бүркіт» артефактінің көлемді бейнесі түрінде орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде түсі алтыннан нефрит түсіне ауысады.
Номиналы 5000 теңге банкнотасының қорғаныш элементтері туралы ақпараттық материалды ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтынан www.nationalbank.kz көріп, танысуға болады.
ҚР Ұлттық Банкінің
Жамбыл филиалы Қолма-қол ақшамен жұмыс жәнекассалық операциялар бөлімі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді