Облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың мәлімдеуінше, оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Оқу жылына оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алу үшін қажетті қаржы бөлінген. Біз бұл туралы ата-аналардан да сұрастырдық. Қаладағы ғана емес, ауылдардағы бала өсіріп отырған ата-аналар да мектептер оқулықпен толықтай қамтамасыз еткенін айтты. Қыркүйек айы жақындағанда мектептердегі кітапханалардың алды қалың кезекке толатын бұрынғы көрініс көз алдымызда. Осындай қарбаласты болдырмаудың ұтымды тәсілін тапқан Тараз қаласындағы №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының кітап тарату ісіне ата-аналары да дән риза.
– Бұл мектепте 6, 4, 2 сыныптарда үш балам оқиды. Осыған дейін оқулықт ан жетіспеушілік көрген жоқпыз. Мамыр айында сабақ аяқталар шақта-ақ балалардан кітаптарын жинап алып, келесі көшетін сыныбының оқулықтарын бірден үлестіреді. Үлкен балам 1 сыныпқа барғалы бері осы әдіспен кітап алып келеміз. Таныстарым арқылы басқа мектептердегі кітап тарату әдісін сұрастырғанымда, біразында әлі де бұрынғысынша мамырда кітап өткізіп, келесі сыныбының оқулықтарын тамызда алады екен. Оқу жылы аяқталатын уақытта оқушылардан кітаптарын түгендеп қабылдаған бойда келесі жылы келетін балаларға бірден таратып бергені ата-аналар үшін де, мектеп үшін де тиімді ғой, – дейді көпбалалы ана Мөлдір Абылкасымова.
Расында, әлі де кітап таратумен қарбаласып жүрген мектептер бар көрінеді. Облыстың білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мұхит Нысанбаев 21 тамызда жүргізілген мониторинг қорытындысының көрсетуімен Тараз қаласы бойынша кітапханадағы бар оқулықтар толық таратылып бітпегенін айтқан болатын.
– Биылғы жылы облыстағы мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу жұмыстары жоспарлы жүргізілді. Тамыздың 22-сі күнгі дерек бойынша айтсақ, тапсырыс берілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының 82,9 пайызы, яғни 564 мың 608 данасы баспадан алынған. Оның ішінде, 178 мың 634 оқулық жеткізіліп, мектептерге 16-21 тамыз күндері таратылды. 21 тамызда жүргізілген мониторинг Тараз қаласындағы мектеп кітапханаларындағы оқулықтардың түгелдей үлестіріліп аяқталмағанын көрс етті, – дейді Мұхит Аманқұлұлы.
Бұл Білім күніне санаулы күн қалған шақ. Ендеше, сабақтың басталуы таяғанда кітап алуға асыққан балалардың кезегі әлі де қалыңдауы бек мүмкін.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ғұламалар ғибратының тағылым ошағы
- 4 қазан, 2024
Жаңа оқу ордасы: жоспар және міндет
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді