Іссапар барысында невропатолог, гинеколог, кардиолог, қант амыр хирургі, кардиохирург және хирург дәрігерлері диспансерлік есепте тұратын пациенттерді қарап, оларға медициналық талдау-сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар дайындады.
Айта кетейік, бір күнде медициналық тексерілуден 100-ге жуық адам өтті. Сонымен қатар, облысымыздың білікті хирургтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныбы аясында күрделі операция жасады. Сондай-ақ, бас дәрігердің орынбасарлары стационарлық ем қабылдап жатқан пациенттермен тілдесіп, аурухана жұмысымен танысты. Ауыл тұрғындарының денсаулығы мен медициналық қызметке қолжетімділігі мәселесіне назар аударып, олардың бұл бағыттағы ахуалдарын назарға алды.
Іссапар соңында аудан дәрігерлеріне семинар өткізіп, арнайы кеңе стер берді. Озық тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық денсаулық
сақтау басқармасының
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




