«ЕвроХим» компаниясы Сарысу ауданында бірегей химиялық кешен с алу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруда. Инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Жылына кемінде 1 миллион тонна минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіп өнімдерін шығару жоспарланған. Келесі жылы қуаттылығы жылына 880 мың тонна күкірт қышқылы өндірісі іске қосылады. Минералды тыңайтқыштар өндірісі 2026 жылы жұмысын бастайды.
Құрылыс кезеңінде 2 000 адамға дейін еңбек етеді, іске қосылғаннан кейін кемінде 1 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, сервистік ұйымдарда аутсорсинг бойынша 500 жұмыс орны пайда болады. Айта кетейік, бірінші кезең бойынша инвестор 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешенін пайдалануға берді.
Талас ауданында «Talas Investment Company» ЖШС-ның қуаттылығы 30 мың тоннаға дейін ұлғаятын натрий цианидін өндіретін зауытының екінші кезеңі іске асуда.
Бүгінде зауытта 600-ге жуық адам жұмыс істейді, тағы 300 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Барлық жобалар бойынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев пен компания өкілдерінің кездесулері барысында ірі зауыттар базасында шағын бизнес кәсіпорындарын құру жөніндегі жобалар талқыланады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




