Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті рет «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Оның аясында өтелмеген жаза бөлігі айыппұл төлеу арқылы неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бостандыққа жолдама алған қордайлық азаматқа тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, бұл күні мекеме қызметкерлері сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған 25 жастағы жігітке еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Айта кетейік, дәл осы азамат Қылмыстық Кодекстің 345 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




