Облыс прокуроры шекара бөлімшесінің жеке құрамын айшықты мерекесімен құттықтап, еліміздің тыныштығы мен тұтастығын күзетудегі шекарашылардың ерен еңбегін атап өтті.
– Қай елдің болмасын, мемлекеттілігін айқындайтын оның шекарасы екені белгілі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұланғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Қол жеткен азаттықты елдің мықты әскері ғана қорғай алады десек, халық тыныштығын қамтамасыз ету – әрбір азаматтың абыройлы міндеті, перзенттік парызы. Осы тұрғыда кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұрған шекарашыларымызда үлкен жауапкершілік жүгі бар. Жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін еліміздің шекарасын күзету де оңай емес. Алайда, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне аса сақтықпен қарайтын жауынгерлеріміз өздеріне артылған жүкті абыроймен көтеріп келеді,– деді Нұрғалым Мәжитұлы.
Бұдан соң Үйлестіру кеңесінің мүшелері жыл басында ғана қолданысқа берілген «Андас батыр» шекара бөлімшесінің жұмысымен танысып, мемлекеттік шекараны таулы бағыттарда қорғау мен күзету бойынша проблемалық сұрақтарға тоқталды.
Айта кету керек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің облыс бойынша департаменті 2020 жылдан бері Үйлестіру кеңесінің кұрамына енген. Аталған кеңес осы уақыт аралығында тығыз өзара қарым-қатынас нәтижесінде, облыс аумағындағы шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар күрделі сұрақтардың оңтайлы шешімін тапқан.
Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін органдармен Мемлекеттік шекараны нығайтуда, инженерлік қондырғылар мен құралдарды салуда көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, облыста 20 шақырымнан астам инженерлік қондырғылар, 2 бейнебақылау жүйесі, 3 стационарлы техникалық бекет салынған. Мемлекеттік шекара сызығының маңында орналасқан жанар-жағармай құйып алатын бекеттерде Қырғыз Республикасының көліктеріне заңмен реттелген талаптарды бұза отырып, жанар-жағармай құю әрекеттері тоқтатылған.
Кездесу соңында кеңес мүшелері атқарылған жұмыстардың мемлекеттік органдардың басшылығымен жоғары бағаланып жатқандығын жеткізіп, шекараны оңтайландыру және инженерлік тұрғыда жабдықтау, шекаралық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жұмыстар бірлесіп іске асатындығын айтып өтті.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- Бүгін, 14:24
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді