Бас маман жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызметке лицензия және лицензияға қосымша алу үшін жұмыс барысын түсіндірді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыс бойынша өтініште көрсетілетін қызметтерді беруші құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттар толық тексеріледі. Сонымен қатар, сала мамандары құжатты портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» жібере алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күнді қамтиды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін электронды цифрлы құжаттармен куәландырылған лицензияны және лицензияға қосымшаны алады.
Заңды және жеке тұлғалар үшін – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын белгілейтін қағидаларға сәйкес жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті басқару құқығындағы жұмыстарды атқарады.
Өтініш берушінің қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде «жеке кабинеті» неме се бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған тактильді жол, күту залы, құжаттардың үлгілері болуы тиіс. Басқосу соңында бас маман жиналғандарға ол үшін қандай құжаттарды жинақтау керектігін айтып өтті.
«Aq jol»-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі биыл қалай өтеді?
- 23 сәуір, 2026
Жаңажолдың жастары енді өз ауылында жаттығады
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




