Жалпы топографиялық түсіру нәтижесінде Берікқара өзенінің екі жағалауында 411 оба анықталған. Оның ішінде, зерттеушілердің осы уақытқа дейін толық немесе жартылай қазба жұмыстарын жүргізіп кеткен обалары да бар. 360 оба өзеннің оң жағалауынан, қалған 51 сол жағалауынан табылған. Мұндағы ірі обалардағы тас үйінділердің көлемі 50–53 метр, биіктігі 6-7 метрге дейін жетеді. Қорымдар солтүстікшығыстан оңтүстік-батысқа қарай созыла жайғасқан. Мамандардың айтуынша, қорымдарға қарап, сол кезеңдегі адамдардың қоғамдық құрылысын да анықтауға болады.
– О б а л а рд ы ң ү й і н д і л е р і құрылымы жағынан әртүрлі, атап айтсақ, толығымен тасты, тас аралас топырақты және айналдыра таспен қоршалған топырақты үйінділер кездеседі. Кейбір обалардың айналасы орақ тәрізді етіп қаланған тастармен қоршалған. Бірнеше үйіндінің үсті түгелімен ақ тастармен жабылған. Қорымның орталық бөлігінде «патша» обалары шоғырланған. Мұндай обаларда сақ дәуірінен бастап ортағасырларға дейін ел басқарған батыр тұлғалардың мәртебесін ұлықтаудың айрықша дәстүрі болған. Қайтыс болған б и л е у ш і г е н е м е с е о н ы ң туыстарына, жақын адамдарына арнап патшалық обадан ескерткіш орнатқан. Берікқара қорымы да осы мәнге негізделіп тұрғызылған. Ол жерлерде түрлі ғұрыптық дәстүрлер өткізіліп, құрбандық шалынған. Артында қалған ұрпағы өмірден өткен ата-бабаларының рухына құрмет көрсетіп, тағзым ету дәстүрі әлі күнге дейін қазақ халқының таным-түсінігіне берік орнығып, жалғасын үзбеген, – дейді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музейқорығының ғылыми қызметкері Мадина Ибаділдаева.
Тарихи мекен алғаш Кеңес Одағы кезіндегі электр желілерін жүргізу жəне Күйік-Қаратау бағытында жол салу барысында бүлінген. Осыдан соң аймаққа зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылымға ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап енген. Ә р ж ы л д а р ы а р хе о л о г т а р А.Н.Бернштам, А.Г.Максимова, К.М.Байпақов, Д.А.Лобастардың жетекшіліктерімен зерттеулер жүргізілген. Зерттеулердің нәтижесінде қыш құмыра, алтын, қола және мыстан жасалған әртүрлі бұйымдар, сырғалар, салпыншақтар, аузына құс тістеген жолбарыстың басы түріндегі қола айылбас, темір пышақ, жебенің екі және үшқалақты ұштары, қылыштың сабы сияқты ғылыми тұрғыдан құнды деп саналатын ж ә д і ге рл е р т а б ы л ғ а н . Б ұ л еліміздегі алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу кезеңімен тұспа-тұс келеді.
Жергілікті халық айтатын а ң ы з д а р ғ а қ ұ л а қ т ү р с е к , Берікқараға қатысты қызықты мәліметтер жетерлік. Олардың айтуынша, шатқалдың атауы жаугершілік заманда жауға қарсы қол бастаған, бейбіт заманда тау аңғарында елді егіншілікке үндеп арық қаздырып, елге шарапаты тиген Берік дегенді кедей жігіттің есімімен аталған көрінеді. Әрине, бұл шатқалға қатысты айтылатын әртүрлі әңгіменің бір нұсқасы ғана. Ал, біраз жыл бұрын өмірден озған жергілікті қаламгер Кәрім Баялиев бір кездері жазған «Жасарған Жамбыл жерінде» атты кітабында жоңғар шапқыншылығы кезінде бұл шатқалда берік қамал болған деген деректі алға тартқан. «Шатқалдың атауы сол себепті Берікқара деп аталған» депті автор өзі білетін мәліметпен бөліскен кезде. Жергілікті халық көктем, күз мезгілдерінде жиі соғатын дауылдың атын «Берікқара желі» деп атап кеткен көрінеді.
2017 жылы автомобиль жолдарын салу барысында Б е р і к қ а р а қ о р ы м ы н а «Геоархеология» орталығының басшысы Ғалымжан Бексейітов жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде қазылған қорымнан ақсүйек әйел адамның сүйегі мен екі қыш ыдыс, қола айна, сол қолына тағылған қола білезік және қола шаш түйреуіш табылды. Табылған құнды жәдігерлер қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін, мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қорына тапсырылды. Бүгінде нысан кең көлемді тарихи-археологиялық зерттеулердің тақырыбына айналған және күн өткен сайын тарихи-мәдени маңыздылығы мен өзектілігі артып келеді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді