Оқу-жаттығудың мақсаты – облыстың азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау, теміржол кәсіпорындары мен авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымдар мен мемлекеттік мекемелерді басқаруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша практикалық дағдыларын пысықтау, олардың төтенше жағдайлар кезінде шектеулі мерзімдерде жұмысқа дайындығын және барлық тартылатын күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын тексеру болып табылады.
Арнайы тактикалық оқу-жаттығу екі кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші кезең, «Қазақстан теміржолы – жүк тасымалы» ЖШС-нің «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Талас стансасында вагонның рельстен шығып, құлауына байланысты «тұз қышқылы» қауіпті жүктің ағу салдарын жою» тақырыбында өтті. Екінші кезең, «Қазфосфат ЖШС-нің минералдық тыңайтқыштар зауытындағы теміржол жолдарында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде аммиак цистернасының герметизациялануына байланысты, авариялық-құтқару және қалпына келтіру тақырыбында өткізілді.
Өткізілген арнайы тактикалық оқу-жаттығуларға төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін облыстық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің күш пен құралдары жұмылдырылды және облыстық азаматтық қорғау қызметтері мен объектілік құрылымдардың іс-қимыл тәртібі пысықталды.
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күнделікті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі күнге дейін 100-ден аса профилактикалық іс-шара жүргізіліп, 2 мыңға жуық адамға жадынама таратылды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412-бабына сәйкес, тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін 22 азаматқа айыппұл салынып, осы заңның 364-бабына сәйкес 55 адамға ескерту берілді.
Осыған орай, Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға және тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырады.
ҚҰТҚАРУ ПУНКТІНДЕГІ БАСПАСӨЗ ТУРЫ
Жақында облыстың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін «Луговой» (Құлан ауылы) трассалық-медициналық құтқару пунктінде (ТМҚП) баспасөз туры ұйымдастырылды.
Айта кетейік, облыста үш ТМҚП бар – «Луговой» (Құлан ауылы), «Төле би» (Төле би ауылы) және «Шығанақ» (Бурылбайтал ауылы). Трассалық-медициналық құтқару пунктінің бригадалары өздерінің жауапкершілік аймағында тәулік бойы жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді. Медициналық-құтқару реанимобилінде дәрігер-құтқарушылар оқиға орнына шығады, сонымен қатар шұғыл көмек көрсетеді және өздігінен келген азаматтарға да қызмет көрсетеді.
Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін «112» қызметі, жол полициясы, жол-қызмет көрсету ұйымдары мен медициналық ұйымдармен хабарландыру және өзара іс-қимыл тізбесі жасалған.
ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстың Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері лудомания белгілері және ықтимал суицид, қауіп факторлары және оларды төмендету жолдары туралы хабардар болып, осы саладағы білімдерін үнемі арттырып отырады.
Жақында Апаттар медицинасы орталығы мамандарымен болған кездесуде есірткі-психологиялық орталығының психологы Жанар Байгутдиева құмар ойындарға тәуелділік, суицидтік мінез-құлық белгілері, емдеу түрлері және олардың алдын алу шаралары туралы жан-жақты әңгімеледі. Басқосуда құтқарушы дәрігерлер өздерінің күнделікті жұмысында пайдалану үшін қажет тиімді мәліметтерге қанық болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Апаттар медицинасы орталығының психологы Жанерке Жанқоразованың ұйымдастыруымен суицидтің алдын алу, лудомания, құмар ойындардың салдары, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу, әріптестер мен зардап шеккен адамдарға қатысты этиканы сақтау мәселелерін талқылады.
ДЕПАРТАМЕНТТЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС
Облыстың төтенше жағдайлар департаментінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бақтияр Алпысбаев және Тараз қаласы полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Самат Алашов қатысты. Басқосуда жеке құрамға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталған тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Назар аударыңыз!
- 24 қыркүйек, 2024
ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстары жүргізілуде
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді