«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қосымша білім беру – жан-жақтылықты қозғаушы күш

Қосымша білім беру – жан-жақтылықты қозғаушы күш
Ашық дереккөз
XXI ғасырдағы қосымша білім беру – бұл көп функционалды, оқушыларды әр түрлі бағытта дайындайтын жүйе. Білім жүйесінің бүгінгі деңгейі қосымша білім беру мұғаліміне өте жоғары талаптар қойылуымен бағаланады.

Бұл бағытта: оқушылардың жаңалықтарға қызығушылықтары, заман талабына сай, жаңа технологиялардың енгізілуі (интерактивті тақта, компьютерлер, робототехника кабинеттері) және үнемі жетілдіріліп өткізілетін сабақтың түрлері болуы мүмкін.

Бүгінгі күні прогресстің негізгі қозғаушы күші жастар екені анық. Елімізде солардың жастық жігерінің арқасында жаңадан әр түрлі бағыттағы үйірмелер ашылып жатыр. Қазіргі таңда барлығымызға ортақ мақсат – жасөспірімдерге білім мен тәрбие беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Техникалық шығармашылық орталығының педагогикалық ұжымы бүгінгі таңда заман талабына сай қосымша білім беруді ізгілендіруді және мамандыққа баулу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың сапалы қосымша білім алуына, оқушы тұлғасының дамуына шығармашылық қабілеттерін дамыту және анықтау жолымен тәрбиелеу үшін жұмыстар атқаруда.

Педагогикалық ұжым оқушылардың өз ойларынан туындаған шығармашылық жұмыстарды, модельдерді, механизмдерді және басқа да техникалық нысандарды құрастырумен айналысады. Балалардың техникалық шығармашылығы негізі төрт кезеңмен жүзеге асады. Олар: шығармашылық жұмыстың міндетін анықтау, ақпарат жинау және зерделеу, шығармашылық жұмыстардың орындалу әдістерін таңдау, жұмысты орындау, нәтижеге жету.

Негізгі біздің мақсатымыз – шығармашылық жұмыстардың әр алуан түрлері туралы білімді кеңейту және тереңдету, балалардың жұмыс белсенділігін, ізденімпаздық талпынысын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық тапсырманы шешуде жеке ой-пікірін білдіре отырып, топпен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан да қосымша білім беру – оқыту жүйесінің ажырамас бөлігі.

 

Рауан АБИЛОВ,

техникалық шығармашылық

орталығы қосымша

білім беру педагогы

Сарысу ауданы

Ұқсас жаңалықтар