Халықаралық жастар күні қарсаңында ұйымдастырылған кеңес беру алаңында түрлі сала мамандары қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының көкейіндегі сауалдарды тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен оның мүмкіндіктері жайлы кеңінен баяндады. Мәселен, іс-шара барысында облыстық әділет департаментінің заң кеңесшісі, мемлекеттік сот орындаушы, жеке сот орындаушы (алимент өндіру, несие, атқарушылық өндіріс), адвокат, нотариус, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының өкілі, Тараз қаласының «Мансап орталығы» мен облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мамандары өз салалары бойынша жастар мен тұрғындардың мазалап жүрген сауалдарына жауап берді. Осылайша тұрғындар ақпараттық кеңес беру алаңына қатысу арқылы сала мамандарынан жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін тіркеу, алимент өндіру, атқарушылық өндіріс, азаматтық хал актілерін тіркеу сұрақтары, қайтарымсыз несиелер мен гранттар және тағы басқа да бағыттар бойынша жан-жақты кеңес алды. Мәселен, облыс орталығындағы «Аspan ASIA» ЖШС Жамбыл филиалында сауда өкілі болып жұмыс істейтін Гүлбану Әбдікаримова «Отбасы банк» филиалының маманына тұрғын үй мәселесі бойынша жолығып, кеңес алды. Ол: «Балам осы банктің салымшысы болып табылатындықтан, пәтер алу үшін қандай жеңілдіктер қарастырылғанын сұрап-білу үшін келдім. Банк өкілі Ләззат Панбаева сауалыма нақты жауап беріп, бағдарламаның мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірді», – десе, аталған банктің кеңесшісіне қайырылған тағы бір келуші Әсел Кекимова жақында 18 жасқа толған ұлына «Отбасы банктен» есепшот ашу жолдары туралы толық ақпарат алғанын айтты. Екі сағатқа созылған іс-шара барысында заң кеңесшісі, сот орындаушылары, адвокат, тағы басқа да сала мамандарына кеңес алу үшін қайырылған тұрғындар мен жастардың қарасы мол болды.
– Біздің орталық 12 тамызда ат а лып өтетін Ха лықара лық жастар күніне орай «Eңбек – бәрін де жеңбек» атты онкүндік жоспар жасап, бұған дейін жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізген болатын. Енді бүгін осы сауда орталығында қаланың барлық санаттағы азаматтарына арналған кеңес беру алаңы ұйымдастырылып, облыстағы 10 мекемеден арнайы келген мамандар өз салалары бойынша тиісті кеңестерін беріп жатыр. Бұл іс-шараның мақсаты – қазіргі таңдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және жастарды мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру болды, – дейді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді