Жиынға Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловпен қатар, қалалық мәслихат депутаттары, кеңес мүшелері, жас ақындар мен салаға жауапты басқарма басшылары қатысты.
Басқосуда облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбас ары Дархан Акишев баяндама жасап, басқарма тарапынан жасалып жатқан жобалармен таныстырып өтті.
– Өткен жылы облыс әкімдігі жанынан жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын басып шығару бойынша 50 миллион теңге қаржы бөлініп, 24 ақын-жазушының кітабы жарық көрді. Оның төртеуі жас ақындар. Сондай-ақ, биыл облыстың 85 жылдығына орай жас ақындар арасында «Жыр жауһары» атты поэтикалық дуэлінің ақтық шешуші кезі өтіп, жүзден жүйрік шыққан азаматтар марапатталды, – деді Дархан Нұрланұлы.
Ал, облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол былтырғы жылы шетелдік заманауи үздік туындыларды сатып алуға 20 миллион теңге бөлініп, қажетті кітаптар сатып алынып, кітапханаларға үлестірілгенін жеткізді. Сонымен қатар, ауылды жерлердегі бес кітапханаға заманауи, ғылыми-тәжірибелік 100 кітаптан табысталғанын айтты. Басқосуда жастар тарапынан ұсыныс-пікір білдірген ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі талай шығыстық шайырларды түлеткен Таразда поэзия фестивалін өткізуге болатындығын айтып өтті.
Жиында сөз алған ақын, журналист Арайлы Жақсылық өңірде жас таланттардың жұмысын жүйелеп, қолдау білдіріп отыратын арнайы мекеменің қажет екендігін айтып, кітаптарды басып шығару, сатылымға қою мәселесін де көтерді.
Жастар тарапынан айтылған ұсыныс, тілектерді тыңдаған Ерлан Жүнісбай басқарма тарапынан қолдаудың арта беретіндігін жеткізіп, Арайлы Жақсылықтың «Авангард» авторлық жобасын қайта жандандыруға қолдау білдіретіндігін жеткізді. Кеңесті қорытындылаған Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өңірде қалыптасып келе жатқан жас қаламгерлердің ортасын жоғалтып алмай, оларды қолдап отыру қажеттігін атап өтті. Филиал басшысы осы ретте жастарды Amanat партиясы жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан «Ұлы дала» байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға шақырды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жуалы ауданында үш денсаулық сақтау нысаны ашылды
- 31 желтоқсан, 2024
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді