Мәселен облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күні аясында «Жастармен бірге» атты ұлттық жастар онкүндігі жалғасуда. Онкүндіктің «Мейірімділік мекені» жобасы аясында ардагерлер мен жастар арасында «Ұрпақтар ізімен» атты шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойнаудан жарыс өтті.
Жарысқа Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері және ерікті жастар қатысты. Қайрат Рысқұлбеков саябағында өткен салтанатты іс-шараны облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Кадыралиев ашып, жарысқа сәттілік тіледі.
– Жастар мен ардагерлер арасында өзара байланысты нығайтып, қарияларымыздың ақ батасын алу мақсатында ұйымдастырылған жарыстың тағылымдық мәні зор. Бұл жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, саламатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорт түрін дамытуға деген бетбұрысын қалыптастыратыны сөзсіз. Біздің, жастардың, қарияларымыздан алар үлгі-өнегеміз көп. Сондықтан ойын барысында өзара ашық әңгіме құрып, көпті көрген қариялармен тәжірибе алмасып, рухани байланыс орнату аса маңызды, – деді Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Кадыралиев.
Ой еңбегін қажет ететін жарыс командалық есеппен өткізілді. Он бес жұптан іріктеуден өткен қатысушылар финалдық ойында бақ сынап, қорытынды есеп бойынша қариялар жастардан басым түсті. Жүлдегерлерге және барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Жарыс соңы ардагерлердің жастарға деген ақ батасы мен алғыстарын айтумен аяқталды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді