– Бүгінгі күні автогаз бойынша облыс үшін қажеттілік 8 000-8 500 тоннаны құрайды. Ал, облыс көлемінде 29 газ желісі ұйымы бар, 217 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы сатылады. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігі тоқсан сайын өңірлерге сұйытылған мұнай газын бөліп отырады. Биылғы жылдың ІІІ тоқсанына өңірге 17 600 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Облыс аумағы арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолының 558 шақырымы өтеді, сондай-ақ, еліміздің оңтүстік бөлігін солтүстік, батыс, шығыс аймақтарымен байланыстыратын транзиттік өңір болып табылады. Жаз мезгілі кезінде жүк, жолаушы және шет елдерінде тіркелген автокөліктердің қарқындылығы екі есе артатынын және олар сұйытылған мұнай газын пайдаланатынын ескеру қажет, – дейді Ғалым Исабайұлы.
Бұл ретте басқарма басшысы республика көлемінде сұйытылған газдың тапшылығы шамамен 20-25 пайызды құрайтындығын айтып өтті. Облыстағы автогаз тапшылығын шешу мақсатында бұған дейін бөлінген сұйытылған мұнай газынан бөлек, Шымкент қаласындағы «Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытынан қосымша 972 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінгенін, жақын күндері 27 вагон-цистерналарының келетіндігін жеткізді. Айта кету қажет, 1 шілдеден бастап Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, облыс орталығы мен оған жақын аудандардағы автогаз толтыру бекеттерінде сұйытылған мұнай газының 1 литр үшін бағасы 78 теңге, 200 шақырымнан асатын бекеттерде 83 теңгені құраған болатын. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, елімізде автогаз бағасы көрші елдерге қарағанда едәуір төмен бағада сатылады. Мәселен, сұйытылған мұнай газының 1 литрі Ресейде – 171 теңге, Қырғызстанда – 149 теңге болса, Әзербайжанда – 323 теңге, Тәжікстанда – 183 теңгеге бағаланады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді