Биыл аталған мекемелерге қажетті техникаларды алу үшін 280 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде 3 трактор, 3 кіші өрт сөндіру автокөлігі, 10 патрульдік автокөлік, 10 соқа, 8 дискілі тырма және тағы басқа қажетті агрегаттар алынды.
Өткен жылы мекемелер 9 трактор, 7 автокөлік, 10 өрт сөндіру мотопомпасы, 4 дискілі тырма және 40 мобильді рациямен қамтылды. Айта кетейік, Жамбыл облысында 4 миллион 414 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар. Оның 2 миллион 357 мың гектары орман ағаштарымен көмкерілген. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр. Қазіргі таңда ормандарды молайту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес соңғы үш жылда орман қорына 67,2 миллион ағаш егілді. Атап айтқанда, 2021 жылы – 7 300 гектарға 10 563 дана, 2022 жылы – 13 660 гектарға 24 500 дана, 2023 жылы – 18 812 гектарға 32 218 дана қарағаш және сексеуілдің көшеттері егіліп, тұқымы себілді.
Биыл 4 728 гектар алқапқа 13 387 дана қарағаш және сексеуіл екпесі отырғызылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді