«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұрғын үймен қамтамасыз ету 227,1 пайызға артады

Тұрғын үймен қамтамасыз ету 227,1 пайызға артады
Ашық дереккөз
Өңірде кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 12,3 миллиард теңге қарастырылған. Биыл 2 569 пәтерлі 51 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

6 айдың қорытындысына сәйкес 104 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй мен жеке инвестиция есебінен салынған 383 пәтерлі 11 үйдің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы 14-шағынауданда 5,2 миллиард теңгеге 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысын бастау күтілуде.

Биыл халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 1 575 азамат арендалық тұрғын үймен қамтылады. Бұл бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен жекешелендіру құқығымен жалға берілетін 1 221 пәтер сатып алуға қаражат қаралды. Өткен жылмен салыстырғанда пәтер 2 есеге (2023 жылы – 864 пәтер), ал қаражат көлемі 3 есеге (2023 жылы – 7,8 миллиард, 2024 жылы – 23,2 миллиард) артты.

Еске сала кетейік, өңірде тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 38 503 азамат тіркелген.

Биыл жамбылдықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда 227,1 пайызға (2023 жылы – 100,2 пайыз) арттыру жоспарлануда. Оның ішінде 2 173 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, 2 151 шаршы метр әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бөлу жоспарлануда.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар