Өзен бойындағы қоқыстарды жинаумен ұштастырылған жарыс табиғатты қорғаумен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады.
Плоггингке қала тұрғындары, мәдениет, спорт саласының жастары және «Жасыл Ел-Тараз» мекемесі, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты. Арнайы радио-концерт ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күймен спорт және тазалық шаралары қатар жүзеге асырылды.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің барлық аумағында жүзеге асырылып жатқан экологиялық акция әр жерде түрліше ұйымдастырылып, қатысушылар барынша табиғат тазалығын сақтауға ынталандырылып жатыр. Осы плоггинг те жаңаша түрге ие болған сенбілік деп білемін. Әдетте сенбіліктер тек күл-қоқыстан тазарту, ағаштарға су құюмен өтетін. Плоггингте таңғы салқынмен жүгіруге шығып, бір-бірімізбен жарысып әрі өзен жағасын тазалап өттік. Тіпті, радио-концерттен тыңдаған әндердің жігерлендіргені де қуантты. Бір-бірімен жарысып, жеңіске ұмтылу адам атаулыға тән шығар, сірә. Осыны оңды іске пайдалана білгеннің арқасында болар, тазалау жұмысына да қарқын қосылды. Келесіде бұдан да қызықты түрде ұйымдастырылса, – дейді плоггингке қатысушы жастардың бірі Медет Нұрділдәұлы.
Ұйымдастырушылар экологиялық акция түрлі форматпен жыл соңына дейін жалғасатынын айтуда.
Қамар РАХМЕТУЛЛИНА
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




