Осындай қайырымдылық іс-шарасы Балуан Шолақ ауылында өтті. Ат құлағында ойнаған ауылдың көкпаршы шабандоз жігіттерінің демеушілігімен бірнеше бас қой сойылып, еті мұқтаж 5 отбасыға таратылды. Онымен қоса, күнделікті тұтынатын азық- түліктер де үлестірілді. Оған «Қойайдар» мешітінің имамы Аян Смайл да өз үлесін қосты. Игі іске жиналған қаражат мөлшері 550 000 теңгені құрады. Аталған мешіт имамы: «Шариғат адамдардың ізгі іс істегенін қалайды. Мұхаммед Пайғамбардың: «Жақсылықта жарысыңдар» деген хадисі бар. Ауылдағы белсенді азаматтардың осындай ізгі амалға ниет еткеніне қуанып отырмыз», – деді.
Ал, көкпаршы Жасұлан Әбиіров: «Осы ауылда көкпаршы жігіттердің өзі бір команда. Ішімізде бес уақыт намаз оқитын азаматтар да аз емес. Қазір жаз болған соң, көкпар жиі өтеді. Жұрт бізді шабандоздар деп құрметтейді. Біз де ауыл мешітінде мал сойып, ауылдағы көмекті қажет ететін отбасыларға көмек бергіміз келді. Сол отбасындағы кішкентай балалардың қуанғанын көрдік. Баланы қуантқаннан артық қуаныш жоқ. Алдағы уақытта ауылдың басқа азаматтары да осы үрдісті жалғап, ізгі іске үлес қосатын болады. Палуан жігіттер де аянып қалмаймыз деп отыр. Ауылдың абыройы арта берсін деген тілегіміз мол, – дейді.
Әйгілі палуанның есімін иеленген ауылда көкпаршы жігіттер көп. Палуан жігіттер де аз емес. Олардың қайырымдылық жолындағы осы құтты бастамасын естіп қуандық.
Айғаным АСҚАРБЕК,
журналист.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді